Тараздың әкімі той тойлаған мемқызметкерлерді жұмыстан қумақшы

0 0

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев тойшыл қызметкерлердің жазаланатынын айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Басқа өңірлер сияқты бүгінде тәж вирустың алдын алу шаралары Тараз қаласында да жүргізілуде. Күн сайын көне шаһардағы нысандарды арнайы мониторингтік топ аралап, сақтық шараларын ұстанбағандарға хаттамалар толтырып, тіпті айыппұл да салып жатыр. Алайда алаңсыз той тойлап, жасырын мереке өткізушілердің саны азаймай тұр.

Бүгін қала әкімі рейд барысында мейрамханалардағы тойда мемлекеттік қызметкерлердің бар екені анықталса, тиісті шара қолданылатынын айтты. Шаһар басшысы бұл қалалық әкімдіктегі қызметкер болса, жұмыстан босатылуы бек ықтимал екенін ескертті.

Сондай-ақ, басқа мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын «тойшыл» азаматтар әшкере болып жатса, тиісті басқарма, департаментке ұсыныс хат жолданады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.