Жамбыл облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің жаңа басшысы тағайындалды

0 37

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Д. Бейсенқұловтың 2020 жылғы 26 қазандағы #30 бұйрығымен Гүлбаршын Қайратқызы Құланбаева «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

2001-2006 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ- нің «Әлем тілдері» факультетінде оқып, бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл филиалында редактор болып бастаған. 2014 жылға дейін аталған мекемеде аға редактор, шеф редактор қызметтерін атқарған.

2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің апараты баспасөз қызметінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек еткен.

2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап бүгінге дейін «ZhambylNews» ақпарат агенттігінің бас редакторы қызметін атқарып келді.

Ихтияр Мурзахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.