Футболдан Тараз қаласы әкімі кубогының жеңіпаздары анықталды

0 0

Бүгін «Жастар» стадионында футболдан әуесқой командалар арасында ұйымдастырылған Тараз қаласы әкімі кубогының жеңіпаздары анықталды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы футбол федерациясы бірге ұйымдастырған турнирге 9 команда қатысты. Олар: «ҰҚК»(Ұлттық қауіпсіздік комитеті), «Казфосфат», «Достар», «Байзақ», «Шайдана», «Тараз U-18», «Тараз U-17», «Әскер» және «Игілік» сынды командалар.

Шараға қатысқан Тараз қаласы әкімі Айтқазы Қарабалаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, мерекеге орай жылы лебізін білдірді.

Бүгін ҚР Президенті күніне орай спорттық жарыс ұйымдастырып жатырмыз! Мұнда Қаратау қаласынан, Жуалы ауданынан, Тараз қаласынан бірнеше команда финалдық ойында бәсекеге түсіп жатыр. Бұл ойынды дәстүрге айналдырып жылда өткізіп отырмыз. Әлі де жалғасын табады деген ойдамын. Елбасымызда «спортты жандандыру керек» деді ғой. Сондықтан қазірже өңірде спортпен шұғылданып жүрген жастар саны артуда. Қазірде өңірде 32,5% жастар спортпен айналысады. Осы орайда барша тараздықтарды мерекелерімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! — деді ол.

17 қазан мен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылған турнирде командалар екі топқа бөлініп ойнаған болатын. Жартылай финалға жолдама алған «Достар», «ҰҚК», «Игілік», «Казфосфат» өзара бақ сынасты.

Ойында 3-ші орын үшін «Достар» командасы 4:2 есебімен «Игілік» Қаратау командасын жеңді. Бұдан кейін, финалдық ойында «ҰҚК» командасы 2:1 есебімен «Казфосфат» командасын жеңіп, Тараз қаласы әкімі Кубогының 2020 жылғы жеңіпазы атанды. Жеңіпаздарды Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев марапаттады.

Сондай-ақ, 6 ойыншы керемет ойын көрсеткені үшін номинациялармен марапаталды және ақшалай сыйлықтар үлестірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.