Байзақ ауданында қуаттылығы 55 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы салынбақ

0 8

Байзақ ауданында көп жобалар қолға алынуда. Соның бірі индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Көктал ауылдық округінде «Аллель Агро» акционерлік қоғамы жалпы құны 25,6 миллиард теңгені құрайтын тауық етін өндіретін құс фабрикасы жобасын іске асырмақ, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Көктал ауылдық округінде «Аллель Агро» акционерлік қоғамы жалпы құны 25,6 миллиард теңгені құрайтын, жылдық қуаттылығы 55 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасын салмақ. Бұл жоба биыл қолға алынып, 2024 жылға дейін кезең-кезеңмен іске асырады деп күтілуде.

Жоба аясында 800 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті бюджетке 540 миллион теңге қаражат түседі деп болжамдалуда. Аталған жобаны кеңейту үшін Көптерек және Темірбек ауылдық округтерінен қосымша жер бөлу жұмыстары қаралуда.

Бұдан бөлек, 2021-2022 жылдары «Караганда АргоИнвест» (көкөністерді өңдеу), «Орбис-Қазақстан» және «Көкжиек» компаниялары (сүт-тауарлы фермалар) жалпы құны 30,2 миллиард теңгені құрайтын 3 жобаны іске асырып, 570 жаңа жұмыс орны ашуды жоспарлауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.