Жамбыл облыстық сотында жыл басынан 821 қылмыстық іс қаралды

0 1

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Жамбыл облыстық сотында 987 тұлғаға қатысты 821 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде 967 тұлға сотталған болса, 20 тұлға ақталған. Бүгінде сотталған тұлғалардың ішінде 330 тұлға, яғни (34,1%), бас бостандығынан айырылған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 119 тұлғаға артық. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов баяндады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Сондай-ақ, брифингке облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева қатысып, өз салалары бойынша ақпараттармен бөлісті.

Өз сөзінде Жомарт Қауасұлы облыс соттарымен 2021 жылдың 6 айында 9 509 азаматтық іс өндіріспен аяқталғанына тоқталды. Оның ішінде 5195 шешім шығарумен қаралған, 1679 азаматтық іс бойынша татуластыру рәсімдері қолданылған. Ал 1287 азаматтық іс медиация тәртібімен шешімін тапса, 386 азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітіліп, 6 азаматтық іс бойынша партисипативтік рәсім қолданумен қаралған.

Сонымен бірге, брифинг барысында сөз алған Динара Нұрлыбаева ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілуіне байланысты сот ісін жүргізудің төртінші түрі өз жұмысын бастағаны туралы айтып өтті. Атап айтқанда, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құрылып, Тараз қаласы, Ақбозов көшесі, №27 «А» мекен-жайында орналасқандығын мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.