Кеше ғана латын әліпбиі туралы ұсыныс жасаған еліміздің 12 жастағы вундеркинді Абзал Мырзаш бүгін өз елін тағы да қуантып отыр. Сүйіншілеп жеткен хабарды әкесінен ести салып, хабарластық. ҚБТУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курсында білім алып жатқан Абзал Мырзаш өзі жасаған қазақ-латын әліпбиінің жаңа нұсқасына кез келген кітапты 1 секундта айналдыруға болатын компьютерлік бағдарлама жасады. Әкесінің айтуына қарағанда бағдарламаны жасауға 3-4 сағат уақыт қана кеткен. Алдағы уақытта Абзал «Абай жолы» романын толығымен аударуға кіріседі. Тек Абзалдың мемлекетке ұсынған қазақ-латын әліпбиінің қолданысқа енуі туралы шешімді күтіп отырмыз. Осыдан кейін барып баламыз көптеген кітаптарды аударуды қолға алмақ.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here