Депутат мұғалімдерді баспанамен қамту үшін оларға пайызсыз несие беруді ұсынды

0 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова бүгінгі мұғалім мәртебесін арттыру мәселесіне арналған отырыста қазақстандық ұстаздарға пайызсыз несие беру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінде біз педагогтардың еңбекақысын көтеру туралы көп айтамыз. Бірақ еңбекақыны көтеру не үшін керек? Бүгінде тұрғын үй қорының 96%-ы жеке меншіктің еншісінде. Жалақысына қанша пайыз қосылса да, 30 не 50 пайыз бола ма, бұл бір де бір мұғалімнің баспана мәселесін шеше алмайды», — деді депутат.

Ол халықаралық тәжірибеде мұғалімдерге пайызсыз несие берілетінін айтты.

«Жергілікті жерлерде педагогтарды тұрақты жұмыста ұстап отыруды үнемі талқылаймыз. Еңбекақы, әлеуметтік көмектер беру мен баспанамен қамту секілді мәселелерді қарастырамыз. Дегенмен бұл мәселелер толық шешімін таппады. Халықаралық тәжірибені алсақ, мысалы мен Американы зерттедім, шетелде мұғалімдерге пайызсыз несие береді. Егер ол мұғалім жұмыстан кетемін десе бұл жеңілдіктен айырылып, қарызын пайызбен өтейтін болады. Осы бағытты пысықтап алған дұрыс», — деді ол.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.