ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаев алғашқылардың бірі болып латын графикасымен жазып көрді, деп хабарлайды Today.kz.
«2018 jylǵy 19 aqpanda Elbasy qazaq tiliniń jańa álipbıi týraly Jarlyǵyna qol qoidy. Bul tarıhı mańyzǵa ıe oqıǵa. Barshańyzdy shyn júrekten quttyqtaımyn!» — деп жазды Тоқаев Twitter.com желісіндегі парақшасына.
Бұдан бұрын Қасымжомарт Тоқаев бекітілмеген алдыңғы нұсқаны пайдалануға әлі ерте екенін айтқан еді.
«Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан «апостроф» әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте», — деген болатын Тоқаев.
Айта кетейік, 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді.
ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев үкімет отырысында латын графикасындағы қазақ әліпбиінен не үшін апострофтың алынғанын түсіндірді.