ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова бүгінгі мұғалім мәртебесін арттыру мәселесіне арналған отырыста қазақстандық ұстаздарға пайызсыз несие беру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ол халықаралық тәжірибеде мұғалімдерге пайызсыз несие берілетінін айтты.
«Жергілікті жерлерде педагогтарды тұрақты жұмыста ұстап отыруды үнемі талқылаймыз. Еңбекақы, әлеуметтік көмектер беру мен баспанамен қамту секілді мәселелерді қарастырамыз. Дегенмен бұл мәселелер толық шешімін таппады. Халықаралық тәжірибені алсақ, мысалы мен Американы зерттедім, шетелде мұғалімдерге пайызсыз несие береді. Егер ол мұғалім жұмыстан кетемін десе бұл жеңілдіктен айырылып, қарызын пайызбен өтейтін болады. Осы бағытты пысықтап алған дұрыс», — деді ол.
Дереккөз: Baq.kz