Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді соққыға жыққан

0 2

Ақтөбедеі Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді соққыға жыққан, деп хабарлайды «Тілші». Алайда, оқу орны басшылығы бұл жайттың тарап кетпеуіне алаңдаушылық білдіріп отырған сыңайлы.

Аталған оқу орнының ашылғанына биыл 5 жыл толады. Мектептегі келеңсіздікке байланысты салтанатты шара кейінге шегеріліп жатқанға ұқсайды.

Облыстық білім басқармасы басшысы Ләззат Оразбаева Назарбаев зияткерлік мектебінің басқармаға қарамайтынын айтады. Өз кезегінде, облыстық ІІД департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов НЗМ бойынша арыз түспегенін хабарлады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері оқу орнында келеңсіздік болғанын растап отыр.Әзірге, соққыға жығылған оқытушының ер немесе әйел адам екені белгісіз

Leave A Reply

Your email address will not be published.