Жамбыл облысының құтқарушылары 6 адамды қауіпсіз жерге көшірді

0 7

Бірінші наурызда түн жарымнан кейін Жамбыл облысы ТЖ департаментінің 112 нөміріне азаматша Зарифа хабарласып Байзақ ауданының құмды аймағында өздерінің «фазендаларына» бара жатып адасқандарын және автокөліктерінде 6 адам бар екені және кәмелет жасқа толмаған 3 баланын жаурап отырғандығы туралы хабарлады. Түнгі сағат 00. 30 да оқиға орына Байзақ ауданы ТЖ бөлімінің және аудандық әкімшілігінен екі адам бір «Нива» жеңіл автокөлігімен іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздестіру жұмыстары кезінде жаңбыр мен қалын туман түсу салдарынан адасқан адамдардың оқиға орны мен елді мекендердің болмау салдарынан өздерін қай жерде адасқандарын түсіндіре алмады. Сағат таңғы төртке жуық адасқан адамдарды іздестіру жұмыстары кезінде Байзақ ауданы Ақжар аулынан шамамен 32 шақырымда табылды. «Фольцваген Гольф-2» автокөлігі жүргізіші мен оның жолаушылары жолдың бойында лай көлшігіне түсіп кетіп тығылып, бұзылып қалғаны белгілі болды. Олар өз күшімен шығуға сынап көрген, одан нәтиже шықпағаннан кейін жәрдемге шақырған. Жәрдемге келген ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен әкімдіктің өкілдері, балалармен анасын өздерінің қөлігіне отырғызып, оларды жылытып, тығылған автокөлікті шығаруға көмектесіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге алып келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Байзақ ауданы ТЖБ халықтын арасында қыс мезгілінде жолға шықпау бойынша профилактика және түсіндіру жұмыстары жүргізілуіне және ТЖД ұялы байланыс операторлар арқылы және екі облыстық телеарна арқылы тұрғындарға ескертілгеніне қарамастан, ересек адамдар балаларды қауіпқа душар етіп түнделетіп алыс жолға шыққан.

Облыс тұрғындарын қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тіс жерге шықпауға, техниканың жарамдылығын қадағалауға өз жақындарын қатерге ұшратпай бақытсыз жағдайларын едәуір төмендететіне үлкен мүмкіндік беретіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.