14-16 наурызда бірқатар аймақта су деңгейі көтеріледі

0 0

Алдағы үш күнде жылы ауа температурасының сақталуы әсерінен еліміздің бірқатар аймағында өзендер арнасынан тасып, толассыз жауын жаууы мүмкін.

 «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 14-16 наурыз аралығында Қарағанды облысында жауын-шашын күтіліп, нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қар еріп, өзендер арнасынан тасуы мүмкін.

Осы күндер аралығында Қызылорда облысының оңтүстігінде өзен суы арнасынан асып, жайылымдық жерлерді су басуы мүмкін.

16 наурызда Алматы қаласы және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде толассыз жауын жауса, таулы аймақтарда қар еріп, су деңгейі көтеріледі.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.