Алдағы үш күнде жылы ауа температурасының сақталуы әсерінен еліміздің бірқатар аймағында өзендер арнасынан тасып, толассыз жауын жаууы мүмкін.
Осы күндер аралығында Қызылорда облысының оңтүстігінде өзен суы арнасынан асып, жайылымдық жерлерді су басуы мүмкін.
16 наурызда Алматы қаласы және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде толассыз жауын жауса, таулы аймақтарда қар еріп, су деңгейі көтеріледі.
Дереккөз: Baq.kz