Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 2

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның жеті облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

14-16 наурызда Қарағанды облысында қар мен жаңбыр жауып, облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде күн жылынып, қардың еруіне  жазық аумақта еріген қар суының жиналуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, Қызылорда облысында 14-16 наурыз күндері қар мен жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігінде күн жылынып, соның салдарынан өзен аңғарлары толып, су тасуы ықтимал. 16 наурызда Алматы облысы мен Алматы қаласында, сондай-ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, ауа температурасы бірқалыпты болады. Соның салдарынан мұздар еріп, өзен аңғарлары қысылады (Алматы облысында), судың деңгейі көтеріліп, тасуы мүмкін. Бұдан бөлек, 14 наурыз күні түнде және таңертең Қостанай облысында боран болып, 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.