Паралимпиадада қазақстандықтар алғашқы алтын медальды алды

0 0

Қазақстандық параатлет Александр Колядин Оңтүстік Кореядағы Пхенчханда спринтте алтын медаль алды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрамасының капитаны Александр Колядин PyeongChang2018 ойындарында 15 км спринтте ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Ол финалдық бәсекеде 4:19.7 минутта мәреге жетті.

4:20.5 минут уақыт көрсеткішімен жапониялық параатлет Yoshihiro NITTA екінші орын алды. Ал, Канаданың спортшысы Mark ARENDZ 4:20.8 минутта келіп, қола медаль алды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.