Облыс орталығында белгісіз біреулер оқушы қызды өлтіріп кеткен, — деп хабарлайды «Алау». Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 17 наурызда болған.
Бұл туралы мәліметті Қостанай әкімдігінің білім беру мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Евгений Терентьев растап отыр. Қайтыс болған оқушы қыз №11 мектепте оқыған.
«9-сынып оқушысын өлтіріп кеткен. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа ешқандай мәлімет жариялай алмаймыз», — деп хабарлады Евгений Терентьев.
Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сауалнама жіберілген.