Кейбір тұрғындар электр энергиясы үшін 13 млн теңге қарыз болып қалған

0 0

Астана тұрғыны «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 13 млн теңге қарыз болып қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Астанаэнергосбыт» ЖШС Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына қарыз азамат тұтынған электр энегриясының ақысын алып беруді сұрап, шағым түсірген.

«2017 жылдың басында «Астана-РЭК» АҚ-ның мамандары жауапты азаматтың электр энергиясын тұтынуда заңбұзушылықтарға жол бергені жөнінде акт толтырған. Бұған қоса, электр тұтыну көрсеткішін өлшеу құралына жүргізілген тексерулер аспаптың ішкі жағына зақым келгендігін де анықтаған»,-делінген хабарламада.

Сот таратқан ақпарат бойынша, жауап беруші азамат өзіне шағым түсіргендердің мәліметтерін жоққа шығаратын дәлелдер келтіруге тырысқан. Сот шешімімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не жауап беруші азаматтан қажетті сома алынды.

Сот шешімі әзірге күшіне енбеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.