Жамбыл облысында ер адам балық аулаймын деп мерт болды
Жамбыл облысында ер адам балық аулау кезінде суға батып, мерт болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы шілденің 3-күні сағат 20:30-да Мойынқұм ауданы «Балқаш» көлінде «ЖҚЖ» ММ-нің (4 қызметкер, 1 бірлік техника) күшімен 01.07.2018 жылы балық аулау кезінде суға батып кеткен 1986 ж.т. азаматтын денесін тауып судан шығарды.
Айта кетерлігі, облыстық ТЖД қызметкерлері «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 5 рет жедел шықты.