Таразда белгілі суретші Владимир Матюшковтың шығармашылық көрмесі өтті

0 7

Таразда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, көрме залында белгілі қылқалам шебері ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген халықаралық, республикалық, облыстық көрмелердің қатысушысы Владимир Павлович Матюшковтың шығармашылығына 60 жыл толуына орай жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Автор бейнелеу өнерінің көмегімен ата- бабамыздың ғасырлар бойы ұстанып келген салт-дәстүрін, қазақ жерін, елін, құрметтеуге, отан сүйгіштікке, патриоттық тәрбие беруге және келуші қауымды рухани жаңғыруға шақырады.

Іс-шараға 100-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары, арнайы шақырылған БАҚ өкілдері қатысты. Көрмеге суретшінің 40-қа жуық туындылары келушілер назарына ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.