Тараздықтар параспортшы Зүлфия Ғабидуллинаны күтіп алды

0 14

Бүгін тараздықтар параспортшы, жүзуден халықаралық санаттағы спорт шебері Зүлфия Ғабидуллинаны күтіп алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Еске салайық,  жерлесіміз Индонезияның Жакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында 100 метрге еркін жүзуден алтын медаль иеленген болатын.

— Жеңіске жету оңай емес. Қиындықтардың бәрі артта қалды… Аянбай тер төгіп, еңбек етудің арқасында осындай жеңіске қол жеткіздім. Әр жарысқа аттанған сайын елдің, халықтың саған үміт артып қарап отыратынын сезесің, сол үмітті ақтауға тырысасың. Инстаграммга жазып қолдау көрсетіп жатады. Сол кезде аздап қорқыныш болатын. Халықтың сенімін ақтау — үлкен жауапкершілік, — дейді Зүлфия Ғабидуллина.

Фото: «ZhambylNews» АА

Паралимпиадашылардың байрақты бәсекесі 18 қазан күні аяқталады. Ел намысын қорғауға 91 спортшымыз аттанды. Олар спорттың 9 түрінен (үстел теннисі, парадзюдо, паражүзу, оқпен ату, парапауэрлифтинг, садақпен ату, шахмат, пара жеңіл атлетика, волейболды отырып ойнау) сынға түсуде. Бірінші орын иеленген спортшыға – 10 мың доллар, екінші орын үшін – 5 мың доллар және үшінші орынға – 3 мың доллар көлемінде сыйақы белгіленген. Қазіргі таңда Қазақстан 13 орында.

Айта кетейік, Зүлфия Ғабидуллина 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында тәуелсіз Қазақстанның паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын медалін иеленген болатын. Зүлфияның мұхиттың ар жағындағы әлемдік жарыста бағындырған белесі нағыз ерлік. 51 жастағы спортшыға елі о баста-ақ  сенім артты, көпшіліктің сенімін ақтаған ол енді жамбылдың ғана емес барша қазақ елінің мақтанышы. 100 метрге еркін жүзуде  жерлесіміз 1 минут 30 секундтта бағындырып, тіптен әлемдік рекордтты жаңартты. Спортшы жүзумен кәсіби түрде 2007 жылдан бастап шұғылдана бастап, осы уақытқа дейінде түрлі халықаралық жарыстарда биік  тұғырдан  көрініп жүрді. Ал, оның Риода алған бұл жеңісі бәрінен қымбат, өмір бойы еткен еңбегі мен төккен терінің нағыз өтеуі. Зүлфия Ғабидуллинна бұданда зор құрмет лайықты жан. Оның қажыр қайраты мен спортқа деген ерекше махаббатының арқасында көк Туымыз көкте желбіреп, біздің спортшыларды әлем мойындады. Енді бұл ерлік ел тарихында мәңгілік алтын әріппен жазылып қалмақ.

Бұл жеңіс Жамбыл облысының спорт саласындағы мүмкіндіктерінің мол екендігін айқындайды. Әрі  жас саңлақтарға ерекше жігер беріп, бұқаралық спорттың дамуына сеп болары анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.