Тараздағы «Үш бұлақ» жағалауында ұзындығы 72 метрді құрайтын көпір ашылды

0 0

Қала күні мерекесі қарсаңында тараздықтар үшін  «Үш бұлақ» жағалауы жаңғыртудан өтіп, ұзындығы 72 метрді құрайтын   көпір ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Қайта жаңғыртылған «Үш бұлақ» жағалауын қала тұрғындары үшін лайықты демалыс аумағына айналдыру жұмысы «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жобамен байланысты. Көп жылдан бері каналдың жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сын айтылып келген еді.

Бұл аумақтың қайта жаңғырту жобасы «Жеңіс» саябағымен жалғасып жатыр. Жалпы алаңы 6,5 гектар жерді абаттандыру жұмыстары кезінде 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Көпірдің ұзындығы — 72 метр, ені — 3 метр.

Бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге кеңейді, демалушылар тамашалайтын  5 дана аққу, 4 дана үйрек пен ақ амур және карп сияқты 3000-ға жуық балық жіберілді.

Сондай-ақ, демалыс орталығының ашылуы барысында облыс әкімі мен мемлекеттік қызметкерлер, қала қонақтары мен ардагерлер жеміс көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар, жағалауда каналға шығатын 3 дана пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар, суда жүруге арналған катамарандар қойылып, каналдың бойында ұзындығы 700 м құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.