Таразда «Тәрбие басы –отбасы» атты облыстық ата-аналар форумы өтті

0 7

Ағымдағы жылы 14 желтоқсанда облыстық білім басқармасына қарасты «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін  орталығында» облыстық «Тәрбие басы – отбасы» атты ата-аналар форумы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған форумға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы Рахия  Тұрмаханбетова, Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов,  Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Қалжанов, Жамбыл облысы ата-аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағали қатысты.

Форум барысында облыс бойынша жиналған ата-аналар мен қонақтарды  Жамбыл облысы ПД ЕБҚКБ бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, нашақорлықтың алдын алу мақсатында, қазіргі таңда есірткі заттары қалай таратылатыны, жасөспірімдер арасында есірткіні қолдану проблемалары, ата-аналарға есірткі жайлы нені білу керек, баламен нашақорлық жөнінде қарым-қатынасты қалай ұйымдастыру, психоактивті заттарды пайдалану фактісі расталған жағдайда өзін қалай ұстау керектігi және есірткіні қолданған жағдайда неге әкеп соғатыны жайлы қажеттi мәліметтер бере отырып, мазмұнды бейнеролик көрсетумен өз сөзін аяқтады.

Іс-шарада аудандық және қалалық білім бөлімдері «Үздік ата-аналар комитеттері»  көрнекі бейнебаяндар ұсынып,  слайд арқылы атқарылған жұмыстарын таныстырды.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  басшысы Рахия Тұрмаханбетова және Жамбыл облысы ата-аналар  кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағали аудандар мен Тараз қаласынан қатысқан «Үздік ата-аналар комитеттерін»  Құрмет грамотасы және бағалы сыйлықтармен марапаттады.  Оның ішінде Тараз қаласы Төлеби атындағы №8 гимназиясының, Сарысу ауданы Ақтоғай орта мектебінің, Жуалы ауданы №15 мектеп-лицейінің, Талас ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының, Шу ауданыЖамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің, Шу ауданы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің, Байзақ ауданы Үлгілі орта мектебінің ата-аналар комитеттері болды.

Форум соңында қатысушы 300-ге жуық ата-ана мен қамқоршылық кеңестерінің өкілдеріне және қатысушы қонақтарға  «Ана-әке» әнін мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықтың қыздар вокалдық тобы тарту етті. Ұйымдастырушылар  қатысушыларға уақыттарын  бөліп келгендеріне  көп  алғысын айта отырып,  бәріне отбасы игілігін  тіледі. Барлық келген қонақтар мазмұнды өткен іс-шарадан көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.