Жамбылдық полицейлер самбодан облыс біріншілігін жеңіп алды

0 0

Жамбыл облысы Полиция департаментінің құрама командасы жауынгерлік самбодан өткен облыс біріншілігінде командалық бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дүбірлі додада 68 кг салмақта Ерлан Махмутов I орынға, Нұрлыбек Сатылғанов және Бахытхан Жанқоев III орынға ие болды. Ал 74 кг салмақта Нұрдәулет Сатылғанов II орынды жеңіп алды. 90 кг салмақта Әлібек Аманжол I орын және Мұрат Айдаралиев III орынға жайғасты. Ал 100 кг салмақ дәрежесі бойынша Мейрамбек Алматов пен Қуат Тоқтасын II орынды алса, Самат Қасымбеков III орынды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Жамбыл облысының құрама командасына қабылданған полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы сәуірдің 4-8 күндері аралығында Семей қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

Аталған қызметкерлердің жеңіске жету жолында еңбек етіп, жарысқа дайындаған Полиция департаментінің арнайы даярлық басқармасының бастығы Ғалым Тайшапов бастаған, қызметкерлері Ержан Баймұратов пен Мұрат Айдаралиевтердің қосқан үлесі зор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.