Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Әулиеата тарихының 80 томдығы шығады

0 2

Биыл Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Әулиеата тарихының 80 томдығы шығады. Облыстың тарихы мен рухани мұраларына арналған тарих және шығармашылық бағытта «Тараз кітапханасы» сериясымен көп томдық кітаптар жинағын шығару жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізге алынып, «Жамбыл — менің жай атым, Халық — менің шын атым» Республикалық ақындар айтысы, «Әулиеата бояулары» І-ші халық шығармашылығы фестивалі, «Ғибратты өнер керуені» мәдени-әлеуметтік жобасы, Облыстық «Taraz симфониясы» классикалық өнер фестивалі, «Талас толқындары» атты І-ші облыстық музыкалық өнер фестивалі, «Көне Тараз күмбірі» атты І-ші Республикалық этно-фольклорлық фестивалі сынды жобалар қолға алынып жатыр.

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысының іріктеу кезеңдері қаңтар-ақпан айларында облысымыздың әр аймағында өтті. Үздік деп танылғандары жалпы саны 31 ақын облыстық ақындар айтысына қатысты.

«Әулиеата бояулары» атты І-ші халық шығармашылығы фестивалі «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында облысымыздың көркем табиғатын фото және пейзаж тілінде сөйлетуге бағытталған. Қолөнер мен фотосурет номинациялар бойынша барлық ауыл-аймақтарда 2019 жылдың сәуір-мамыр аралығында көрме өткізіліп, іріктелген туындылардан 10-18 мамыр аралығында аудандық көрме ұйымдастырылады. Аудандық көрмелерде үздік болған туындылардың авторлары облыстық кезеңге жолдама беріледі. Облыстық кезең Тараз қаласының Тұңғыш Президент саябағында 24 мамыр күні ұйымдастырылады, — дейді Дүйсеналы Дыбысалыұлы.

Ал облыстық «Taraz симфониясы» өнер фестивалі «Аспапта орындау»және «Вокал» номинациялары бойынша 4 кезеңде өтеді. І кезең 2-12 сәуір аралығында ауылдық жерлерде іріктеу жұмыстары жүргізіледі. ІІ кезең 15-27 сәуір аралығында әр ауданда ауылдардан іріктеліп келген үміткерлер арасында өтеді. ІІІ кезең  16-28 қыркүйек аралығында тәлімгерлер дайындаған өнерпаздар тағы бір іріктеледі. ІV кезең — қазан айында Тараз қаласының «Баласағұн» орталық концерт залында өтеді.

Фестивальдің нәтижесінде талантты балалар арнайы оқу орындарын аяқтап сол ауылға тартылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.