Таразда гидропоника әдісімен жемшөп өсіру цехы ашылды

0 26

Тараз қаласында  гидропоника әдісімен жемшөп дайындайтын цех ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кәсіпорынның ашылу рәсіміне ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері Сағынхан Әміреқұлов пен Аманкелді Кәрентайұлы және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты.

– «Гидропоника технологиясын пайдалану арқылы бір шаршы метрінен сауын сиырды күні бойы азықтандыруға жеткілікті 20-25 кг жасыл желек ала отырып, сүт өнімділігін 30-40 пайызға, ал майлылығын 3-4 пайызға дейін арттыруға және ет бағытындағы ірі қара малдың күндігіне 800-1500 грамм қосымша салмақ қосуына мүмкіндік туады», – дейді «Қазгидропоника» ЖШС-нің басшысы Данияр Әубәкіров.

Директордың айтуынша, гидропоника әдісі арқылы дайындалған өнімдердің құнарлылығы арпа дақылымен бірдей. Жасыл жемді пайдаланған шаруа ветеринарлық ауруларды да біржолата ұмытады, — дейді ол.

Автобекет маңында орналасқан цех толығымен жарақтандырылған және 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта серіктестік гидропоника технологиясын қолдана отырып, облыстағы шаруашылықтарды гидропонды құрылғылармен жабдықтауды көздеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.