Тараздық түлектер мектеп бітіру кешінен бас тартты

0 0

Тараздық түлектер мектеп бітіру кешінен бас тартты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпарат  Агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Биыл облыстың 300-ге жуық мектеп түлектері мол дастархан, сәнді киім, серуендеуге арналған кортеж жалдап, шығынға батпас үшін түлектер кешін өткізуден гөрі, көңіл көтеруге кететін қаражатты бірауыздан қайырымдылыққа жұмсауды жөн көріп отыр.

Игі бастаманы алғашқылардың бірі болып Тараз қаласының түлектері қолға алды. Бүгін түлектер аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп,алғысқа бөленді.

Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес мектеп бітіру кешіне орта есеппен ұл баланың қажеттілігіне 100-150 мың теңге жұмсалады. Ал қыздарға 150-ден 200 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалатын көрінеді.

Айта кету керек, биыл аймақта 340 жалпы білім беретін орта мектепті 8796 оқушы тәмамдады. Оның 67 проценті ҰБТ тапсыруға өтініш берген. «Алтын белгі» төсбелгісіне 328, ал үздік аттестатқа 245 бала үміткер болып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.