Түркістанмен қатар көне Тараз тарихын тануда да кешенді шаралар атқарылуы керек- Бердібек Сапарбаев

0 0

Жамбыл облысына келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев құрылысы жүргізіліп жатқан «Шахристан» этно-мәдени кешенімен танысты. Вице- Премьер Тараз тарихын таныту үшін кешенді жұмыстар атқарып, халықаралық туристік орталыққа айналдырудың маңыздылығын атап өтті,- деп хабарлайды «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде кешендегі 8 нысан бойынша құрылыс жұмыстары қызу атқарылуда. Сондай-ақ, Б.Сапарбаевқа кешен басында стенд арқылы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенініндегі жоспарлы-шаралар жайы да таныстырылды.

Вице-Премьер жасалынып жатқан жұмыстарды құптап, екі мың жылдан астам өткені бар Тараз тарихын таныту жұмыстары Түркістанды дамытумен қатар жүргізілу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, көне Таразды халықаралық туристік орталыққа айналдырудың маңыздылығын баса айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.