Таразда Алтын орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

0 10

Таразда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Талас құрылтайы: тарих пен тағылым» атты халықаралық конференция өтуде. Алқалы жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, алыс жақын шет ел ғалымдары, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысуда, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қатысушылар баяндамаларды үш секция бойынша тыңдады. Бірінші секцияда Талас құрылтайы, оның мемлекеттілік дәстүріне және ұлттық санаға әсері жан-жақты айтылды. Екінші секцияда Алтын Орданың тарихы мен мұрасын зерттеудегі жаңа тәсілдер мен бағыттар талқыланды. Үшінші секция Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» кітабының 950 жылдығына арналды.

Алтын Орданың тереңде жатқан сонау ғасырлық тарихы бар екендігін бүкіл дүние жүзіне көрсету үшін үкіметке арнай тапсырма берді. Елімізде осы Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты іс шаралар өту керек деп  қазіргі таңда біз Қарағанды  Атырау қалаларында мынау Түркия, Татарстан мемлекеттерінде іс — шараларды өткіздік. Олар өзінің енді жалғасын табады. Негізгі мақсатымыз әсіресе қонақтарымыздың көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан келген зиялы қауым өкілдерінің көмегімен біздің мемлекеттігіміздің бастауының  ғасырлар бойғы тарихы бар екендігін таныту — деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Конференцияға қатысушылар ертең Жамбыл өңірінің тарихи көрнекті жерлерін — Қарахан, Дәуітбек, Айши-би және Бабаджи-хатун кесенелерін, Қазақстандағы көне Ислам дәуіріндегі алғашқы мешітті, «Ежелгі Тараз»тарихи-мәдени кешенін араламақ.

Осыған дейін айтқандай ҚР Премьер министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы бүгін Жамбыл облысына келген болатын. Бұған дейін аталған топ өкілдері Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарымен кездесті. Сапардың негізгі мақсаты – Елбасының «сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді ел Үкіметінің іске асыруы туралы халықты ақпараттандыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.