Тұрар Рысқұлов ауданында «Мейірімділік жүректе» атты акция өтті

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданында жомарт жандардың демеушілігімен бейсенбі, жұма күндері «Мейірімділік жүректе» атты қайырымдылық акциясы өтті.Шара аясында 70-ке жуық отбасына көмек көрсетілді, деп хабарлайды «zhambylnews.kz» AA

Өңір азаматтары киім-кешек,аяқ киім,гигиеналық заттар мен азық-түлік пакеттерін көршіге, ұжымдас пен ауылдасқа, көмекке мұқтаж әрбір отбасына және жалғызілікті қарияларға қайырымдылық жасап,қуанышқа кенелтті.15 ауылдық округтен бұл шарада 70-ке жуық мұқтаж отбасы көмекке алғыстарын білдірді.
Әсіресе жұмыссыз отырған,көпбалалы және мүгедек азаматтары бар отбасыларға ерекше назар аударылып,көңіл бөлінді.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында жасалған қайырлы іс әлі де жалғасын табады. Бастысы қиын сәтте мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетіп, мейірімді жүрекпен қоғамнан алшақ қалмауына үлес қосуды мақсат тұтқан әкімдік қызметкерлері мен жас еріктілер бұл істі көпшіліктің қолдауын қалайды .
Ауқатты азаматтар мен демеуші тұлғаларды ізгі іске үлес қосуға шақыруда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы»КММ-і де өз үлестерін қосуда.
Қайырымдылық пен берекенің,молшылық пен жақсылықтың жаршысы болған Наурыз мерекесіндегі игі істер жалғасын таба бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.