Ортақ жауапкершілік пен кемел келекшектің жасампаз негіздері

0 48

Мен – өзіміздің ауылда кәсіппен, мал-егін шаруашылығымен айналысып жүрген қарапайым еңбек адамымын. Күнделікті тіршілікпен жүріп, кейде саясаттан алыстап кететініміз жасырын емес. Бірақ жақында газет-хабарлардан «2026 жылдың 23 тамызында елімізде үлкен Құрылтай сайлауы өтеді» дегенді оқып, бұл науқанның біз сияқты қарапайым ауыл халқына, шаруаларға қандай пайдасы бар екенін өзімше саралап көрдім. Өйткені мемлекеттегі кез келген өзгеріс алдымен ауылдың тыныс-тіршілігіне әсер етеді.
Бұрын бізде Парламентте Мәжіліс пен Сенат деген екі бөлек палата болатын. Кез келген заң екі жақтан өтіп, уақыт созылып кететін. Енді соның бәрі қысқарып, бір ғана үлкен шаңырақ – бір палаталы Құрылтай құрылып жатыр. Мұның қарапайым халыққа берер пайдасы қандай? Біріншіден, бұл – артық шығынды азайту. Біз, кәсіпкерлер, әр тиынның есебін білеміз. Екі палатаның орнына бір ғана органның жұмыс істеуі мемлекет қаржысын үнемдейді. Ол үнемделген ақша ертең ауылдың жолын жөндеуге, су тартуға, мектеп пен аурухана салуға жұмсалады. Біз, ауыл кәсіпкерлері мен еңбеккерлері, үкіметтен үлкен ештеңе сұрамаймыз. Тек адал еңбегімізбен нәпақа табуға, шаруамызды дөңгелетуге қолайлы жағдай жасалса дейміз. Бізге тиімді несие, әділ субсидия, өнімімізді өткізетін нарық керек. Жаңадан сайланатын Құрылтай депутаттары дәл осы мәселелерді шешетін заңдар қабылдауы тиіс.
Сондықтан 12,5 миллионнан астам сайлаушының қатарында біздің, ауыл тұрғындарының да дауысы өте маңызды.Төрдегі билік ауылдың мұңын ұмытпасын десек, осы сайлауда белсенділік танытайық, ағайын! Ауыл қуатты болса – мемлекет те қуатты болады.

Жамбыл Бегманов, Кәсіпкер, «Таң» ЖШС құрылтайшысы

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.