Жедел штаб отырысында өзекті проблемалар талқыланды

0 8

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы жедел штаб отырысы өтіп,төрағасы, аудан әкімі Е.Садырқұлов сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.Шешімін табуы тиіс мәселелер талданып,шұғыл түрде орындалуын қадағалауды тапсырды.
Аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарына жүргізілген зерделеу жұмысы бойынша талдама жасап,ашылуы тиіс нысандар тізімін тағы да толықтыруға мерзім берді.
Жедел штаб отырысындп кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы С.Тастановқа және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы С.Ускенбаевқа, аудандық полиция бөлімі мен басқа да сала басшыларына нақты жұмыс жүктеп,орындалуын қадағалауды ұсынды. Күн тәртібінде карантин талаптарын ескермеген, санитарлық ережелерді қатаң бұзған нысандар мен жеке азаматтарға, көлік иелеріне, жеке кәсіпкерлерге қатаң шара қолдану қажеттігін ескертті.
Басқосуда шешімін кейінге қалдырмауды талап ететін негізгі мәселелер ортаға салынып, коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу шараларының жүйелі орындалуы әрі талаптарды қатаң сақтау жөнінде мәселе талқыланды.
Ал құзырлы органдар енді талап сақталмаса, зая аясында іс қозғау туралы тапсырманы орындайтығын,ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін ұсынды.
Сақ болайық!
Сақтанайық!
#коронавируске жол жоқ#

Leave A Reply

Your email address will not be published.