Қаратау қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері жабайы сауда орындарына рейд жасады

0
120

Бүгін Қаратау қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері жабайы сауда орындарына рейд жасады. Көше бойы мен жаяу жүргіншілер жолына рұқсатсыз тұрып, қауіпсіздік талаптарын сақтамаған азаматтарға ескерту қағаздары толтырылды,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.


Өңірде карантин шаралары жеңілдетіліп, бірқатар нысандар өз жұмысын бастаған болатын. Алайда кеселден келер қауіпке қарамай шағын қаладағы кейбір тұрғындар жол бойындағы жабайы сауданы қыздыруда. Жағалай ілінген киім-кешек, сауда талаптары сақталмаған азық-түлікті кездестіруге болады. Тіпті сатушылар мен жүргіншілердің арасында маска кимігендері де бар.

Бүгін Қаратау қаласы аппаратының қызметкерлері арнайы рейд жүргізіп, түсіндіру шараларын ұйымдастырды. Тексеру жүргізген арнайы топ мүшелері жайма базарда тұрған саудагерлерге ескерту жасап, 2 сатушыға құжат толтырды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here