Тараздық блогер мен кәсіпкер дәрігерлер мен науқастарға қол ұшын созуда

0 23
Елімізде болып жатқан қазіргі ахуалға байланысты әркім қолынан келгенше қолғабыс қылуға тырысып жатыр. Тараздық кәсіпкер Меруерт Лештаева мен журналист-блогер Мөлдір Анарбаева «Тараз 24» АИА-ның ақпараттық қолдауымен жаңа бастаманы қолға алды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі taraz24.kz -ке сілтеме жасап.
Тараз қаласындағы Гауһартас мейрамханасында аталған кәсіпкер 3 қой сойып, оның етінен жасалған тамақтарды ауруханаға жеткізді. Дайындалған ас коронавируспен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандар мен емделуші науқастарға таратылды.
Сонымен қатар, Меруерт Лештаева бұл бастаманы 2 күн бойы жалғастырып, өңірдегі басқа да кәсіпкерлерге жолдап отыр. Айта кетерлігі, бастаманы жалғаймын деген кәсіпкер, мал табу оны сою, пісіру жағынан қиналмайды.
— Қойды қайдан табамын, не істеймін деп ол жағынан уаймдамаңыз! Оның барлығын дайындап беретін адамдарымыз бар. Егер маған хабарлассаңыздар мен қол ұшымды берем. Және сізден ешқандай қаражат алмаймыз, — дейді кәсіпкер.
Leave A Reply

Your email address will not be published.