Мойынқұм ауданының әкімі егін алқаптарын аралады

0 9

Бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев облыстық пилоттық жобаға енген Айдарлы ауылында болып, егін алқаптарын аралап, шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Алдымен аудан басшысы Ниетбек Алдарбергеновтың егістік алқабында болып, шаруа қожалықтың биылғы жұмыстарын көзбен көрді. Шаруа қожалық биыл 44 гектар жерді игеріп. Оның 20 гектарына жүгері, 4 га жоңышқа, 10 га жерге арпа және 10 га жерге бақша дақылдарын еккен. Сондай-ақ, 10-15 күнде қарбыз артылатын болады.

Бұдан кейін, аудан басшысы шаруа Ерік Белдебаевтің жүгері алқабында болып, шаруалар тарпынан көтерілген мәселереді, тез арада шешу керек екедігін округ әкіміне ескертіп, табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.