«ADAL» партиясының мүшелері алматылықтармен кездесті

0 7

«ADAL» партиясының мүшелері Алматы облысының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар олармен проблемалық мәселелерді талқылап, күнделікті өмірде кездесетін қиындықтар туралы айтты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Алматы облысының тұрғындарымен осындай кездесулерді кандидат Ләззат Шыңғысбаева да өткізді. Атап айтқанда, ол Балқаш ауданында Бақанас ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауыл тұрғындары ипотека бойынша сатып алынған тұрғын үй үшін артық төлем сомасы тым үлкен екендігіне наразы болды. Көпбалалы ана азық-түлік бағасының тұрақты өсуіне шағымданды. Ауылдың тағы бір тұрғыны бюджет қаржысының қаншалықты тиімді жұмсалатынына алаңдаушылық білдірді.

Атырау облысындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев онлайн-режимде халықпен кездесу өткізді. Олар партияның мақсат-міндеттері туралы айтты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.