Вакцина салу ешкімге міндеттелмейді

0 0

Вакцина салу ешкімге міндеттелмейді, — деп жазады “ZhambylNews”  ақпарат агенттігі.

Ерікті тіркелушілер арасында вакцинацияның бірінші кезеңінде медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да саладағы қызметкерлерге ақпаннан бастап екпе салынады.

Ал, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлеріне  наурыз айында салынса, студенттер сәуірден бастап екпе қабылдайтын болады.

— Мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылмақ. Айта кету керек, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды. Бұл вакцинаны осы жас тобындағы азаматтарға қолдану әлі зерттелмегендігімен байланысты. Вакцинаны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. КВИ-ға қарсы вакцинациялау 6 млн.адамды қамти отырып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда, — деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.