Қазан айында өлім-жітім деңгейі өсуі мүмкін

0 0

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп жазады  Zhambylnews.kz ақпараттық агенттігі.

Еуропа елдерінде қазан-қараша айларында коронавирус инфекциясы салдарынан өлім-жітім деңгейі өсуі мүмкін.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Ұйым берген ақпарат бойынша, соңғы апталарда сырқаттанғандар саны күрт өсуде, әсіресе, Испания және Францияда.

Ал дүйсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия басталғалы бері вирус жұқтырғандар санының рекордтық өсім көрсеткішін тіркеді, шамамен, 308 мың адам.

Менің ойымша, қазан айының ортасында ақпан немесе наурыз айларындағыдай жағдай болады. Мәселе мынада, егер ауру сол кездегідей күрт өссе, онда денсаулық сақтау жүйесі мұндай қысымды тағы еңсере алмауы мүмкін, — деді терапевт Джонатан Петершмит.

ЕО елдері санитарлық ережелерді үнемі қатайтып келеді, ал саясаткерлер болса, карантин қайталанбауы керек деп алаңдап отыр, өйткені мұндай шара экономикалық апатқа әкеледі. Осындай қауіпке қарамастан, Израильде локдаун енгізілді.

ДДҰ басшылығы вакциналарға аса үміт артпауға шақырады.

Вакцина көмектеспейді. Вакцина пандемияны тоқтатады дегенді жиі естимін. Бұл — мүлдем олай емес! Вакцина халықтың барлық топтарына көмектесе ме, жоқ па, білмейміз. Кейбір белгілер оның бір топқа көмектесетінін, енді біріне еш әсер етпейтінін көрсетеді. Егер бізге түрлі вакцинамен жұмыс жасау керек болса, бұл логистикалық сұмдық болмақ, — дейді ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клуге.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 29 миллионға жетті. Ұйым сарапшылары вирустың алдын-алу шаралары пандемияны болдырмауға көмектесетінін айтады. Яғни, жаппай тестілеу және пациенттердің ықтимал байланыстарын мұқият бақылау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.