3 қалада қар жауды: ағаштар құлап, көліктерге зақым келді

0 0

9 сәуірде еліміздің оңтүстігіндегі үш қалада қар жауды, деп хабарлайды  «ZhambylNews” АА Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.

Алматыда түнде қар жауып, бірден еріп кеткен. Алайда қазіргі таңда шаһарда қар жауып тұр. Кейбір аудандарда ақ ұлпа жол мен ағаштарды басып қалған.

Түнде Шымкентте ауа температурасы минус екі градусқа дейін күрт төмендеген. Қаланы қар басқан. Әлеуметтік желі қолданушылары қыстың қайта басталғанын жазып жатыр.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, қалың қардан 24 ағаш құлап, 21 көлікті басып қалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Таңғы сағат 06.30-да қаладағы төрт ауданда шамамен 8000 абонент жарықсыз қалды. Мамандар жарықты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. ТЖД-нің күшімен көшелер қардан тазаланып, құлаған ағаштар жолдан алынып жатыр. Жауын-шашын жоқ. Қаладағы ауа температурасы минус үш градус, жел жоқ», — дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Тараздағы жағдай да осыған ұқсас.

Leave A Reply

Your email address will not be published.