Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

0 34

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарының орындалуына жүргізілген мониторингтеу және бағалау туралы  ақпарат.

2019 жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 — 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі — Жоспар) сәйкес Үкіметтің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген 2015 — 2025 жылдарға арналған 36 іс-шараны мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырды.
Атап айтқанда:
Жоспардың 7-тармағы «Кедендік әкімшілендіру жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын жетілдіру және ақпараттық жүйенің аттестаттаудан өтуі»
Қаржы министрлігімен кедендік әкімшілендіру жүйесінің (АСТАНА-1 АЖ) бағдарламалық қамтамасыз етуіне сынақтар жүргізілді.Сынақтар актісі 31.12. 2019ж. (қоса беріледі).
Қаржы министрлігі (бұдан әрі- ҚМ) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызметі» РМК-мен (бұдан әрі – ҚР ҰҚК МТҚ) ақпараттық қауіпсіздікке кедендік әкімшелендіру жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуге сынаужүргізу мақсатында 2019 жылғы 17 шілдедегі №208 шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалды.
Өткізілген сынаулар негізінде (№ 032.2019.040 сынау актісі) 31.12.2019ж. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ЦДИАӨМ АҚК) ҚМ AСТАНА-1 АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң қорытынды берді.
ҚМ 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 592 бұйрығына сәйкес АСТАНА-1 АЖ өндірістік пайдалануға берілді.

Сондай-ақ келесі тармақтар жүзеге асырылды:

Жоспардың 8-тармағы «Экспорт-импорт операциялары бойынша «Бірыңғай терезені» енгізуді қамтамасыз ету (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы)»

ҚР Қаржы министрлігімен 2019 жылғы 15 наурызда «Экспорттық –импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінің сыртқы экономикалық қатысушылары үшін «Сыртқы портал» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілді.
31.12.2019 ж. ЦДИАӨМ АҚК «Экспорттық-импорттық операциялардың бірыңғай терезесі» АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң қорытынды алынды (Сынау актісі № 110.2019.041).
Жоспардың 9-тармағы «Заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу:
1)жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін енгізу;
2)жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде
Жоспардың 10-тармағы «Заңнамалық актілерді жетілдіру бөлігінде ұсыныстар әзірлеу:
1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту;
2) өздеріне бағынысты адамдармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тікелей басшылардың тәртіптік жауапкершіліктерін енгізу;
3) мемлекеттік қызметшілерді адал қызметке төлем жүйесі арқылы ынталандыру;
4) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді біріздендіру. »
Жоспардың 11-тармағы «Қолданыстағы кеден және өзге де заңнаманың құқық қолдану практикасына талдау жүргізу және оны жетілдіру бойынша, оның ішінде:
1) кедендік бақылау жүйесін жетілдіруге;
2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар, оның ішінде тәркілеу мәселелері бойынша жауапкершілікті ізгілендіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу»
Жоспардың 12-тармағы «Мемлекеттік органдарының кеден қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерін портативтік бейнетіркеуіштермен жарақтандыруды қамтамасыз ету».
Жоспардың 13-тармағы «Әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу, соның ішінде:
1) жеке және заңды тұлғалар алдында талап етілмеген құжаттар, ақпарат және өзге де деректер беру жөніндегі міндеттемелерді беру;
2) егер жедел қызмет көрсету мүмкіндігі болса, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ұзақ мерзімдері;
3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттер жүктеу;
4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын талаптарды белгілеу».
Жоспардың 14 -тармағы «Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға жіберілген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне шығындарды өтеудің тәртібі мен шарттарын оңтайландыру».
Жоспардың 18-тармағы «Талдау жүргізу және дискрециялық өкілеттіктерді алып тастау бойынша ұсыныстар жасау, мыналарды көздейді:
1) лауазымды тұлғаға шешімдердің екі немесе одан да көп нұсқаларын (оң немесе теріс) таңдауға осы немесе басқа шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамай таңдау құқығын беру;
2) лауазымды тұлғаға өз қалауы бойынша нормативтік құқықтық актіні орындау тәсілін анықтауға, сондай-ақ заңды фактіні бағалауға, ықпал ету шарасын таңдауға және актілер шығаруға мүмкіндік беру».
Жоспардың 19-тармағы «Мүдделер қақтығысы, этикалық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және шешу бойынша практикалық нұсқаулықтарды әзірлеу арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы мүдделер қақтығыстары мен шектеулерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу».
Жоспардың 20-тармағы «Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау»
Жоспардың 25-тармағы «Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу».
Жоспардың 26-тармағы «Ашық үкімет порталын және оның құрамдас бөліктерін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдау:
1) қол жетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету;
2) азаматтық бюджет шеңберіндегі бюджеттік процестердің ашықтығы мен қол жетімділігі;
3) азаматтардың мемлекеттік шешімдерге қатысу деңгейін арттыру;
4) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жетілдіру».
Жоспардың 27-тармағы «Қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу».
Жоспардың 29-тармағы «Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу».
Жоспардың 30-тармағы «ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру».
Жоспардың 33-тармағы: «Шаралар қабылдау:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау рәсімдерін автоматтандыру;
2) мемлекеттік білім беру гранттарын, оның ішінде білім алу процесінде босатылатындарды бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттыру».
Жоспардың 34-тармағы «Емдеуге жатқызу бюросы» порталын пациентті емдеуге жатқызу күнін автоматты түрде белгілеу бөлігін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау».
Жоспардың 35-тармағы «Атқарушы өндіріс процестерін автоматтандыру мәселелерін пысықтау:
1) қарызды төлеу кезінде автоматтандырылған атқарушылық іс жүргізу жүйесімен біріктірілген төлем жүйелері арқылы;
2) атқарушылық іс жүргізуді тоқтату және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулерді алып тастау;
3) «борышкерлердің бірыңғай тізілімінен» алып тастау;
4) «Бірыңғай электрондық сауда платформасынан» тәркіленген мүлікті автоматты түрде қайтарып алу және екінші деңгейдегі банктердің шоттарынан ұстауды алып тастау ».
Жоспардың 36-тармағы «Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау рәсімдерін жетілдіру».
Жоспардың 39-тармағы: «Сот органдарының электрондық қызметтерін жетілдіру»
1) «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйесінде сот істерін автоматты түрде бөлу;
2) «Сот кабинеті» интернет-сервисінің мүмкіндіктерін кеңейту. »
Жоспардың 40-тармағы «Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірлеу».
Жоспардың 44-тармағы «Құқық бұзушылықты анықтайтын техникалық құралдардың қолданылуына талдау жасау және оларды қолдануды жақсарту бойынша шаралар қабылдау».
Жоспардың 50-тармағы «Жоғары оқу орындарында академиялық адалдық жағдайына мониторинг жүргізу»
Жоспардың 51 тармағы Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру.
Жоспардың 52-тармағы «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слетын өткізу.
Жоспардың 53-тармағы БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу.
Жоспардың 54-тармағы «Сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға бағытталған фильмдер түсіруді ұйымдастыру».
Жоспардың 55-тармағы «Техникалық және кәсіптік білім беру және жоғары оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында «Таза сессия» өткізу».
Жоспардың 56-тармағы «Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру үшін әлеуметтік аудио және видео роликтерді құруды және таратуды қамтамасыз ету».
Жоспардың 57-тармағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізу».
Жоспардың 58-тармағы «Шет мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру».
Жоспардың 62-тармағы «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейіне баға беретін және тағайындайтын халықаралық ұйымдармен тұрақты қарым-қатынасты қамтамасыз ету».
Жоспардың 63-тармағы «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылдаған шаралары туралы арнайы материалдарды жариялауды ұйымдастыру».
Жоспардның 65-тармағы «Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын бақылау мен бағалауды қамтамасыз ету».
Жоспардың 66-тармағы «Арнайы мониторингтік топтың Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуді қамтамасыз ету».

Leave A Reply

Your email address will not be published.