Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

0 0

Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды   «ZhambylNews” АА Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.