Карантин қайта енгізілсе 42500теңге қаншаға өседі?

0 14

«Атамекен» палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов карантин қайта енгізілген жағдайда 42 500 теңгені қаншаға өсіру керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан cілтеме жасаған Zhambylnews.kz ақпараттық порталы.

«Кеше ғана министр бұл ақшаның көлемін арттыруды қарастырамыз деді. Бірақ біз ол мәселені мамыр айында айтқанбыз. 42 500 аз. Девальвация, инфляция бар. Төлемді индексациялау қажет. Біздің есебіміз бойынша 55-60 мың теңге болуы мүмкін. Әрине, бәрі бюджетке байланысты», – деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте мәжілісте өткен үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.