Ұлы даланың жеті қыры. Ұлт тарихының жаңа белестері

0 15

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Бұл мақаланың өскелен ұрпақ үшін берері мол. Елбасы әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып, отандық тарихты дамытудың жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсетеді. Осы аталған жеті қырымыз шын мәнінде қазіргі Қазақстан жерінде мекендеген біздің ата-бабабаларымыздың өткен тарихын меңзейді.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр.

Бұл мақаланы – «Рухани жаңғырудың» — жалғас деп есептейміз.

Расында да, «Рухани жаңғыру» — бұл ертеңіміз бен бүгінімізді бір арнаға тоғыстырып, жадымызда жаңғыртар тұғырнама. Елбасы атап көрсеткендей ұлттық санаға сәуле себу үшін «ұлттық кодымызды» ұмытпаған жөн.

Бұл туынды арқылы төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және ұлттық рухта өскелең ұрпақ өсуі мүмкін. Ол үшін біз Елбасымыз айтқан басымдықтарды іске асыруға, білім беруде аянбай белсене атсалысуға міндеттіміз.

Тараз «Парасат» колледжі

«Құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының

тарих оқытушылары

Leave A Reply

Your email address will not be published.