Жатыр мойыны қатерлі ісіктің алдын алу апталығы өтуде

0 8

Ағымдағы жылдың 27 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында Жамбыл облысында жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған апталық өтуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қауіпті дерт дер кезінде анықталса және дұрыс емделген жағдайда бұдан сауығуға әбден болады. Шара барысында облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтті. Онколог мамандар акцияның алғашқы күні 50-ден аса нәзік жандыларды қабылдаған. Тексеру барысында пап-тестілеу (атипиялық жасуша бар-жоқтығын тексеру үшін жатыр мойнынан жағынды алу) жүргізілді.

Жатыр мойнының ісігі әлемдегі елеулі проблемалардың бірі болып қалып отыр. Жиілігі жағынан дүниежүзінде әйелдерде кездесетін обыр жағынан екінші орында. Жыл сайын жарты миллионға жуық әйел осы ауруға шалдығып, шамамен 288 мың әйел көз жұмады. Жатыр мойыны ісігінің қоғамға әсері үлкен, өйткені бұл ауру әсіресе 30-40 жастағы және одан үлкендеу жастағы әйелдерде кездеседі. Бұл уақыт әйелдердің отбасын құрып, қызмет етіп, күнделікті тіршіліктен қолдары босамайтын кезеңі. Диагноз анықталса, әйелдің жеке басына, оның отбасына, достарына үлкен қайғы әкеледі. Сонымен қатар, оны емдеуге мемлекет пен қоғам тарапынан қыруар қаржы жұмсалатындығын да ескеру қажет,- деді облыстық онкологиялық диспансердің онколог дәрігері Гүлжан Тәйтелі.

Бұл апталық бүкіл әлемде жыл сайын өткізіледі. Мақсат — жұртшылықтың назарын осы проблемаға аудару. Бүгінгі таңда аурудың алдын алу үшін: ұдайы жетілдіріліп отыратын тегін мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп, мамандар оқытылып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.