Болашақта Жуалы ауданында қысқы спорт түрлеріне арналған «Көксай» мен «Қаралма» тау шаңғысы кешендерінің құрылысы жүргізілмек. Мұнда бір мезгілде 3000-5000 адамға қызмет көрсететін демалыс орталықтары бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің Жуалы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында айтылды.
Қыс мезгілінде тұрғындар демалыс орталықтарында тау шаңғысы және сноубордпен айналысуға мүмкіндік алады, ал жаз айларында велотуризм, жылқымен серуендеуге жағдай жасалады.
Естеріңізде болса, осыған дейін аталған ауданда шаңғы алаңшасы ашылып, оңтүстік өңірде кенжелеп қалған спорт түрін дамыту қолға алынған болатын. Бұл бағытқа бюджеттен 2,2 млн теңге бөлінген. Оған арнайы орын дайындалып 130 шаңғы және 125 коньки алынған еді.