iPhone смартфонын қайта жүктеу қаншалықты пайдалы?

0
17

Apple корпорациясы шығаратын iPhone смартфондарын ұстайтындар саны көп-ақ. Оларды мазалайтын сұрақтар да аз емес. Соның бірі – смартфонды қайта жүктеу (перезагрузка) жайлы.

Қайта жүктеудің пайдасы бар-жоғын корпорация осыған дейін ресми түрде ашып айтқан емес. iPhone смартфонын ұстайтындардың пікірі де екіге жарылады. Бір қолданушылар смартфонның жұмысы баяулағанда шынымен көмектесетінін айтса, енді біреулер бұл тәсілді құр босқа уақыт өткізу деп санайды.

Бұған қатысты жауаптың бірін бұрын Genius Bar қызметкері болған маман бір сұқбатында айта кеткен.

– Apple корпорациясында жұмыс істеген кезде қолданушыларға қайта жүктеу жасауды үнемі ескертіп отыратынбыз. Бұл көбіне смартфон жұмысы баяулағанда, қандай да бір қателіктер болғанда айтатын ең бірінші кеңесіміз болатын. Мен негізі iPhone-ды аптасына бір рет толықтай қайта жүктеп тұруға кеңес беремін. Бұл да кәдуілгі компьютер сияқты. Бірнеше күн тоқтамай жұмыс істеп, кейіннен компьютерді өшіріп қосқанда жұмыс жылдамдығы арта түсетіні белгілі. iPhone да сондай, – дейді маман.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here