Іш бұзылуының негізгі себептері

0 5

Іштің бұзылуын медицинада «диарея» дейді. Оған шалдыққан адамның ішінен жиі-жиі сұйықтық өтеді. Диарея жеке сырқат деп саналмайды. Дәрігерлер оны тек белгілі бір себептердің салдары деп қана қарастырады. Дегенмен оның да өзіндік зиянды тұстары бар.

Іш бұзылған кезде көбіне құрсақ тұсы түйіліп, ауырады. Науқастың дене қызыуы көтеріліп, құсады. Сонымен қатар іш өтуі жиілеп, нәжіске қан араласуы мүмкін. Осы белгілердің біреуі байқалса, тездетіп дәрігерге көріну қажет.

Ересектердің іш ауруы көбіне асқынбай, ұзаққа созылмай 2-3 күннің маңайында айығып кетеді.

Диарея негізіненбөбектер мен қарт адамдар үшін қауәптә. Іштің өтуі салдарынан оларда тәннің құрғауы, сусыздануы орын алады, ондай жағдайда адамды шөл қысады. Тілі, еріні кеуіп қалады. Түзге отыруы сирейді. Ентігіп жиі-жиі демалады. Мұндай жағдайдың қайғылы оқиғаға соқтыратын кезі көп.

Диарея сырқаты ұзаққа созылған жағдайда науқас жүдеп-жадап кетеді. Алайда тәбет жойылып, астың қорытылуы тежелсе, іші түйіліп ауырса, күш жинаймын деп зорланып тамақ ішпеген дұрыс. Мұндайда науқасқа негізінен нәрлі,салқын сусын және сорпа берген дұрыс. Кофе, сүт, жеміс шырынынан гһрі, таза судың өзін пайдаланған жөн. Емізулі баланың іші өткен кезде анасының сүтінен басқа қосымша ештеңенә ауызға алмағаны дұрыс.

Ал емізікпен сүт еметін нәрсетеге сүт орнына таза қайнаған су беру керек. Науқастың тамаққа тәбеті оянған кезде картоп, күріш, түрлі дәнді дақылдар жармасынан жасалған ботқалар жеуіне болады. Диареядан әбден айықпайынша, майлы және қуырылған тағамдарды, жеміс-жидекті, көкөністі жемеген жөн. Егер де іштің өтуі қолданып жүрген дәріге байланысты болса, онда дәрігермен ақылдасып, жақпайтын дәріні басқа дәрімен алмастыру қажет. Жалпы іш ауырған кезде дәріханалардағы рецептсіз берілетін дәрі-дәрмекті пайдалануға болады.

Алайда оларды 1-2 реттен артық қабылдауға болмайды. Себебі көп мөлшерде қабылданған дәрі ауруды ұзартып жіберуі немесе басқа елеулі сырқатқа үшыратуы мүмкін. Іштің өтуі балаларда 2 күннен, үлкендерде 5 күннен асса, міндетті түрде дәрігерге бару қажет. Ал қарт адамдар мен емізулі нәрестеде диарея сырқаты байқалса, ауруханаға жеткізілуі керек.

Іш өтуінің негізгі себептері:

— Астан улану, амедиаз кеселі және вирустық, бактериялық, паразитарлық инфекциялар;

— Ашық су көздерінен қайнатпай су ішу;

— Күйзеліс, торығу;

— Әлдебір тамақ түріне немесе әлдебір дәрі-дәрмекке аллергия;

— Әлдебір тағам түрінің ішке жақпауы. Сақтану жолдары Мұндай детке шалықпас үшін ең әуелі адам ішіп-жейтін ас-суына абай болуы керек. Пастерленіп, тиісінше гигиеналық талаптарға сәйкес сақталмаған сүт тағамдарын, етті, жұмыртқаны жеуге болмайды. Ет міндетті түрде қөайнатылып, пісірілуге тиіс. Сүт пен сүт өнімдерін тиісті санитарлық рұқсат қағаздары жоқ адамдардан алуға болмайды. Дайын тағамды жылы жерде сақтамаңыз. Бактериялардың сондайда пайда болатынын ұмытпаңыз. Ыдыс-аяғыңызды әрдайым мұқият жуып, таза сақтаңыз.

Дүкеннен бөтелкедегі, банкідегі суларды алып ішсеңіз,қайда қндіргеніне назар аударыңыз. Белгілі кәсіпорынның өнімін алуға тырысыңыз. Жергілікті суды пайдаланған жағдайда оны міндетті түрде 15 минут қайнатыңыз. Мүмкіндік болса арнаулы сүзгіден өткізіп барып қолданңыз. Пайдаланардың алдында суға йод немесе хлордың бір тамшысын тамызып жіберсеңіз, тіпті жақсы. Жеміс, көкөністі қашанда әбден жумай, жемеңіз.

Тамаққа қоспаңыз. Реті келсе олардың қабығын ашып тастаңыз. Осылайша диарея кеселінен сақтана білсеңіз ғана аулық жүресіз. Есіңізде болсын Кейде диарея кеселі созылмалы сипат алады. Оған ас қорыту жолындағы қабыну аурулары, міселен, крон сырқаты, тік ішектегі қатерлі ісік, жрақат, сонымен қатар ішектің қорек сору қабілетінің бұзылуы себеп болуы ықтимал.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/59145/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Leave A Reply

Your email address will not be published.