Ересекке пайдалы, бірақ балаға ұсынылмайтын азық-түлік

0
1256

Ересектер үшін пайдалы, бірақ бала тамақтануына көп қолдануға болмайтын өнімдер бар. 

Жиі «балалар» өнімі болып саналатын сүттен бастайық. Ол баланы кальций, фосфор, А және В2 дәруменімен қамтамасыз етеді. Бірақ сонда да дәрігерлер сүтті балаларға, әсіресе, 1 жасқа дейінгі балаларға байқап қолдануды ұсынады. Ақуыздар мен минералды заттардың көптігін балаға сіңіру қиынға соғады. Оған қоса, ол жиі аллергия шақырады. 12 айға дейінгі балаға мүлдем сүт (ана сүтінен немесе арнайы қоспадан басқа) бермеу ұсынылады, оны тек ботқа пісіруге қолдануға болады.

Қызыл балық, бекіре еті және уылдырық омега-3 майлы қышқылдарына бай. Ал теңіз өнімдерінде оған қоса минералды өнімдер көп: йод, магний, кальций, фосфор. Бірақ бұл тағамдарды 3 жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды. Баланың ас қорыту жүйесі майдың көптігіне сезімтал болып келеді. Сондықтан бала ағзасы майлы балықтарды сіңіру үшін қиналады. Ал уылдырық пен тұздалған балықта тұз мөлшері өте көп: ол бүйректер мен жүрек-қан тамырлар жүйесіне күш түсіреді.

Жемістердің арасында анар ерекше танымалдылыққа ие. Ол гемоглобинді көтереді және иммунитетті нығайтады деп саналады. Сөзсіз, анар пайдалы: оның құрамында глюкоза, фруктоза, танин, микроэлементтер, С және РР дәрумендері көп. Бірақ қышқылдардың көптігі асқазанды тітіркендіреді. Сондықтан 3 жасқа дейінгі балаларға анар шырынын беруге болмайды. Сондай-ақ анардың көмегімен гемоглабинді көтеру мүмкін емес, оны көтеру үшін темір керек.

Заманауи асүйден зәйтүн майын кездестірмеу мүмкін емес. Оны пайдалы өнімдер қатарына қосады. Бірақ ол балаларға пайдалы ма? Зәйтүн майының пайдасы – олеин қышқылының жоғары мөлшерде болуы. Ал баланың жүйке және иммунды жүйесінің дамуына маңызды Е дәрумені мен көп қанықпаған майлы қышқылдар зәйтүн майында аз. Сондықтан оны бала тамағына қолданудың қажеті жоқ.  Әйтпесе, бала басқа майларда (күнбағыс, жүгері, соя) бар көп қанықпаған майлы қышқылдарды ала алмай қалады.

 Massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here