Коронавирустан қауіп әлі де бар

0 8

Сарысу ауданында құрылған арнайы штаб мүшелері аудан бойынша кәсіпкерлік нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарың жүргізуде,-деп хабарлайды «Zhambylnews»АА

 Індет толығымен жойылып кеткен жоқ және халықтың денсаулығына әлі де қауіп бар. Сондықтан, күнделікті өмірде сақтық шараларын ұстанған жөн. Өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек және оны әрбір азамат жауапкершілікпен сезінуі тиіс.

Жағдайға байланысты карантин талаптарын жеңілдету жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасатын болады.
Осыған орай Сарысу ауданында құрылған арнайы штаб мүшелері аудан бойынша кәсіпкерлік нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарың жүргізуде.

Бетпердесіз, қолғапсыз сауда жасауға болмайтынын айтып, сақтық шараларын бір сәтте ұмытуға болмайтынын ескертті.
Сонымен қатар аудан бойынша дезинфекциялау жұмыстары да жалғасын табуда.

Осы ретте аула аулаларда бетпердесіз жүрген тұрғындар мен жастарға да түсіндіру жұмыстары еріктілер тарапынан жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.