Роза Рымбаеваның басы дауға қалды

0 10

Карантин кезінде танымал әншілер Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев және Айдана Меденованың қатысуымен болған тойда түсірілген видеоға Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме берген Zhambylnews.kz AA.

Желіде қазақстандық эстрада әртістері Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев және КешYOU тобының экс-мүшесі Айдана Меденова карантиндік шектеуге қарамастан тойда өнер көрсетіп жүрген видео таралып еді.  Видеода Сәкен Майғазиев сәуірден бастап бәрі жақсы болады және пандемия кетеді деп үміттенетін сөздермен тост айтады.

 

«Бұл видеоны біз зерттедік, әртістердің қатысуынан басқа, заң бұзушылықтардың басқа да фактілері бар. Бұл 2018 жыл екені де айтылған. Бейне зерттелуде, зерттеуден кейінгі материалдар бағалау, оның ішінде құқықтық бағалау үшін берілетін болады. Біз бұл адамдарды білеміз, олардың көпшілігі Алматыда тұрады. Бұзушылық расталған жағдайда, жыл мезгілінің осы кезеңінде барлық қатысушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қиын болмайды», — деді РСК брифингінде Сәдуақас Байғабылов.

Ал денсаулық сақтау министрі Цой: 

«Әншілер қатысқан тойға байланысты айтар болсам, ол видео биыл түсірілмеген. Біз мәліметтер жинап жатырмыз», — дейді. 

Тойдың нақты қай уақытта болғанына қатысты әншілердің өзі жауап берді.   Роза Рымбаева той шамамен бір ай бұрын болғанын, ол тойға жай құттықтап барғанын айтады.  

Ал Айдана Меденованың өкілі «бұл бұрынғы видео болуы мүмкін екенін» айтады. 

«Ескі видео шығар, білмеймін, бір жерден шыққан шығар. Ешқандай пікір білдіре алмаймын», — деді әншінің өкілі.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.