Жамбылда мерекеге орай 7600 аз қамтылған отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

0 0

Жаңа жыл мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, облыс бойынша 7600 отбасыға 100 млн. 409 мың теңгенің демеушілік көмегікөрсетілді. Олардың қатарында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер және мүгедек балалар бар.

Көмек негізінен азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, жаңа жылдық сыйлықтардан тұрды.

Облыс әкімі өзі бастап көп балалы отбасылардың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Бердібек Сапарбаев алдымен 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Ақжан Өміралиеваның үйіне барды. Оның балаларының үлкені 15 жаста болса, кішісі бір жаста. Қазір көпбалалы ана бала күтімімен үйде отыр.

Бұдан кейін аймақ басшысы Жайна Тоқсейітованың шаңырағында болды. «Алтын алқа» иегері жалғыз өзі 7 баланы тәрбиелеп отыр. Әңгіме барысында Ж.Тоқсейітова облыс әкімінежалдамалы баспанада тұрып жатқанын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа «Асарлатып үй салу» жобасы аясында көп балалы отбасының үйлі болуына көмектесуді тапсырды.

Бұдан соң облыс әкімі 6 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Гүлжазира Тасқынбекованың отбасын құттықтады.

Аймақ басшысы көп балалы аналарға бағалы сыйлықтар табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Әрбір ұлттың, мемлекеттің болашағы отбасынан басталады. Ана мен баланы қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілеймін! Әр шаңырақта тыныштық, жақсылық, береке орнасын! Армандарыңыз орындалсын!деп тілегін білдірді облыс әкімі.

Өз кезегінде көп балалы аналар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға барынша көңіл бөліп отырған Мемлекет және облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.